Жарияланған күні: 12.06.2023 11:46
Өзгертілген күні: 12.06.2023 11:50

Бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталады

Бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін, егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және олардың кірісінің сомасы жылына
4 миллион теңгеден аспаса, 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді.

Бірыңғай жиынтық төлем енгізудің негізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен, жеңілдік кезеңі болды. Және ол аяқталуда.

Қазір, белгілі болғандай, жеке тұлғалардың кірістерін декларациялауды кезең-кезеңімен енгізуі жүріп жатыр, онда кірістің мөлшерін көрсету қажет. Бұрын кәсіпкерлік қызметті тіркемеген азаматтар кәсіпкер болуды немесе жалдамалы қызметкер болуды таңдауы керек.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда тиісті салық режимін таңдау қажет.

Жеке қызметтерді көрсету кезінде ең тиімдісі – арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын салық режимі болып табылады, ол чек беруге мүмкіндік береді, сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді, бұл ретте декларация ұсынылмайды.

Бюджетке төлемі алынған кірістен 1 пайызды құрайды, бұл жеке табыс салығының мөлшерлемесі. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 14 350 теңгені құрайды. Бұл кәсіпкердің пайдасына түсетін төлемдер (зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 3450 теңге, медициналық сақтандыру жарналары – 4900 теңге).