Жарияланған күні: 09.10.2023 15:34
Өзгертілген күні: 09.10.2023 15:36

Биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркеу туралы
Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрыққа сәйкес ЭШФ АЖ-да жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді қолдану бөлігінде веб-порталда тіркеу процесі өзгергенін Сіздің назарыңызға жеткізеді.

Бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын тіркелген пайдаланушыларға қайта тіркеу кезінде жеке басын биометриялық сәйкестендіруді қолдану талап етілмейді.

Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып, ЭШФ АЖ тіркеу жөніндегі толық нұсқаулық ЭШФ АЖ веб-порталында «Пайдаланушы нұсқаулығы» бөлімінде, https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ESF/instrukcii.rar сілтемесі бойынша қолжетімді.

Сондай-ақ ҚР ҚМ МКК сайтында ЭШФ АЖ бөлімі оның ішінде «Жүйе бойынша ақпараттық материалдар» бөлімінде 8-тармақта, сілтеме https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.

Биометриямен тіркелу туралы бейне сабақты kgd.gov.kz youtube арнасынан https://www.youtube.com/watch?v=c0e-ko3sogA сілтемесі бойынша  көруге болады.

Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша  және +7 (7172)72-78-72 телефон желісінде  24/7 режимінде жұмыс істейді.