Жарияланған күні: 04.08.2023 18:36
Өзгертілген күні: 04.08.2023 18:38

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2 тамызда Абай ауданы, Саран, Шахтинск қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және 3 тамызда Бұқар жырау ауданының Мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

Қызметкерлер банкроттық рәсімдерінің түрлерін, өтініш берудің негіздері мен тәсілдерін, борышкерді банкрот деп танығаннан кейін туындайтын салдарларды түсіндірді.