Жарияланған күні: 03.08.2023 11:39
Өзгертілген күні: 03.08.2023 11:41

Банкроттық рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша азаматтарға консультация өткізілді

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 2023 жылғы 1 тамызда Әлихан Бөкейхан ауданының ХҚКО-да және Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңын түсіндірді.

Мамандар заңды іске асыру мақсаттары, рәсімдердің түрлері, азаматты банкрот деп жариялағаннан кейінгі салдарлар туралы айтып берді, сондай-ақ азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.