Жарияланған күні: 08.11.2018 18:10
Өзгертілген күні: 08.11.2018 18:11

ҚРСалық кодексінің 427-428 –бабтарына сәйкес қосылған құн салығы ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 
Есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС сомасы туралы мәліметтер қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетіледі, бұл ретте есепке жатқызу әдісімен импорттау кезінде есептелген ҚҚС сомасы бойынша декларация жолдарын дұрыс толтырылмау салық төлеушіге хабарлама жіберудің негізі болып табылады.
Салық төлеушілер 300.00.029А, 300.00.029В жолдарын толтыру кезінде осы жолдарда есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын асыра бағалауды ойлап, 300.00.011В жолын толтырмай, сатып алу жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, жиі қателер жібереді. 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «12» ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00 нысан)» Салық есептілігін дайындау ережелеріне сәйкес, 
Тауарларды есепке жатқызу әдісімен импорттау кезінде есептелген ҚҚС 300.00.011В, 300.00.029А, 300.00029В, 300.04.001А, 300.04.001В жолдары бойынша ҚҚС бойынша декларацияда көрсетіледі.
300.00.011В жолында есепке жатқызу әдісімен импорттау кезінде есептелген ҚҚС сомасы көрсетіледі. Осы жолға 300.04.001 В жолында көрсетілген сома көшіріледі.
300.00.029Ажолында импортталатын тауар құны көрсетіледі, олар бойынша ҚҚС Салық кодексінің 427- және 428 –бабтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген. Осы жолға 300.04.001 А жолында көрсетілген сома көшіріледі.
300.00.029В жолында импортталатын тауар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, олар бойынша салық Салық кодексінің 427- және 428 –бабтарына сәйкес есепке жатқызу әдісімен төленген, тек 300.00.020 В жолында көрсетілген импортталатын тауар бойынша ҚҚС-дан басқа. 
300.04.001 А жолында ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін салық салынатын импорт сомасы көрсетіледі. Осы жол өзіне 300.04.001 I А, 300.04.001 II А, 300.04.001 III А, 300.04.001 IV А, 300.04.001 V А, 300.04.001 VI А, 300.04.001 VII А, 300.04.001 VIII А, 300.04.001 IХ А и 300.04.001 Х А жолдарын қосады.
300.04.001В жолында есепке жатқызуәдісімен төленетін тауар импорты бойынша ҚҚСсомасы көрсетіледі. Осы жол өзіне 300.04.001 I В, 300.04.001 II В, 300.04.001 III В, 300.04.001 IV В, 300.04.001 V В, 300.04.001 VI В, 300.04.001 VII В, 300.04.001 VIII В, 300.04.001 IХ В и 300.04.001 Х В жолдарын қосады.
Талқылайық, мысалы:
2018 жылдың 1-ші тоқсанында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан салықтөлеушінің ҚҚС төлеушісі жабдықтар импорттады. Жабдықтар салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесіне кіреді. Салық салынатын импорт 62 500 000 теңгені құрады, есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС 7 500 000 теңгені құрады.
Бұл жағдайда ҚҚС декларациясының жолдары келесі түрде толтырылуы тиіс.
2018 жылғы 1 тоқсан

Жол №-і атауы сомасы
300.04.001А Барлығы есепке жатқызу әдісімен тауар импорты, оның ішінде: салық салынатын импорт 62 500 000
300.04.001В Барлығы есепке жатқызу әдісімен тауар импорты, оның ішінде: ҚҚС сомасы 7 500 000
300.04.001А I жабдықтар: салық салынатын импорт 62 500 000
300.04.001В I жабдықтар: ҚҚС сомасы 7 500 000
300.00.011В есепке жатқызу әдісімен тауар импорты кезінде есептелген ҚҚС, 300.00.010 (300.04.001В) жолын қоспағанда 7 500 000
300.00.029А есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленген тауар импорты (300.04.001А, 300.04.001В) (ҚҚС-сыз сатып алу бойынша айналым сомасы) 62 500 000
300.00029В есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленген тауар импорты (300.04.001А, 300.04.001В)  (ҚҚС сомасы) 7 500 000

 

Балқаш қаласы бойынша МКБ