Жарияланған күні: 03.08.2023 11:50
Өзгертілген күні: 03.08.2023 11:52

913.00 салық есептілігінің нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (Бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация)

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 21.07.2023 жылғы № 783 бұйрыққа «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация 913.00 салық есептілігі нысанындағы тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

913.00 нысанындағы салық есептілігін жасау қағидалары мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды:

«1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

1-тармақ:

мынадай мазмұндағы 135) және 136)-тармақтармен толықтырылды:

«135) осы бұйрыққа 135-қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (913.00-нысан);

136) осы бұйрыққа 136-қосымшаға сәйкес «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация
(913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 135 және
136-қосымшалармен толықтырылсын.