Жарияланған күні: 06.09.2023 17:58
Өзгертілген күні: 06.09.2023 17:59

250.00 нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы және 270.00 нысандағы жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі аяқталады

Табыстарды жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну үшін 250.00-нысан және 2022 жылға жеке табыс салығы 270.00-нысанды тапсыруға 10 күн қалды.  

Департамент 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялауға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары кіргенін еске салды.

 Активтер мен міндеттемелер және жеке табыс салығы бойынша декларацияларды “Салық төлеушінің кабинеті" (kgd.gov.kz), "Электрондық үкімет" порталы, Е-Salyq Azamat және eGov.mobile мобильді қосымшалары арқылы 15 қыркүйекке дейін электронды түрде беруге болады.  

Декларацияны уақтылы ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.