Жарияланған күні: 05.07.2019 17:22
Өзгертілген күні: 05.07.2019 17:26

Акция 8 тамызға дейін жалғасады. Аталған акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады. Акцияны өткізу кезінде елдің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету арқылы смартфонның иесі болуға мүмкіндік алады. Тауарларды, жұмыстарды және Қызметтерді төлеу үшін чектерді "таңдау"мобильдік қосымшасында тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері қатысады. Осакаров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық азаматтарды акцияға қатысуға шақырады және сәттілік тілейді !