Дата публикации: 13.09.2018 11:33
Дата изменения: 13.09.2018 11:33

Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 01.07.2018 жылға дейін жеке тұлғалар үшін жер салығы мен мүлік салығын 2017 жылға есептеу жүргізілгенін, сонымен бірге, салықтар 2018 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей бюджетке төленуі тиістігін  хабарлайды,

2017  жылдан бастап салық кодексіне өзгертулер енгізілді, оған сәйкес үшінші топтағы мүгедектер жеке меншікке жататын барлық салық салынатын объектілердің жиынтық есептік құнын 1500 еселенген АЕК (3 607 500 теңге) шегінде жеке тұлғалардың мүлік салығынан босатылады.

(жәрдемақы төленген жағдайда салық сомасын қайта есептеу мақсатында растайтын құжаттардың көшірмесін аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қажет).

Ортақ бірлескен меншікте орналасқан тіркелген жылжымайтын мүлік жағдайында иеленушілердің келісімімен таңдалған салықты төлеуге жауапты тұлғаны көрсету қажет  екенін қосымша хабарлаймыз. Салық кодексінің 73-бабы жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығы бойынша салықтық міндеттемелердің сомаларын мемлекеттік кірістер органдарының есебінен:

1) Мемлекеттік кірістер органдарының Интернет-ресурстарына орналастыру.

2)  коммуналдық қызмет жеткізушісі төлемдер үшін пайдаланылатын құжаттардағы нұсқаулар;

3) салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жолдамалар;

4) ұялы телефон нөмірлеріне SMS жолдау, салық төлеушімен ұсынылған.

Осы мақсаттар үшін салық төлеушілерге олардың телефондары мен электрондық пошта мекен-жайлары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну құқығы берілді.

 

 

Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы