Date of publication: 23.06.2016 16:02
Date of changing: 23.06.2016 16:06

           2015 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наруыздағы «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» №250 бұйрығы күшіне енді. Норматитвтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 10738 болып тіркелген.

           Аталған бұйрық алып жүретін және алып жүрмейтін багажда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуімен байланысты ғана туындайтын құқықтық қатынасты реттейді.

          2010 жылы 18 маусымда Санкт-Петербург қаласында Кеден одағы бойынша әріптестерімен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

           Осы Келісімге сәйкес кедендік төлемдерді төлеуден босатыла отырып, кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған Тауарлар үшін мынадай критерийлер белгіленген:

 

Р\с

Тауарлар санаты

Нормалар (салмақтық және құндық)

1

Алып жүретін және алып жүрмейтін багажда Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар

Әуе көлігімен:

кедендік құны 10 000 евроға барабар сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

 

көліктің өзге түрлері:

кедендік құны 1500 евроға барабар сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын

2

Көлік құралдарын қоспағанда, тасымалдаушы бір алушының атына күнтізбелік бір ай ішінде әкелетін, жеке тұлғаның мекен жайына жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны 1000 евроға барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан * аспайтын

3

Кеден одағының кедендік аумағында жеке тұлға болып табылатын бір алушының атына күнтізбелік бір ай ішінде жіберілетін (бөлінбейтін тауарларды қоспағанда),  жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны 1000 евро барабар сомадан аспайтын және салмағы 31 килограмнан аспайтын

(салмақтық және құндық нормалар бойынша кесте шартты жалпыланған түрде келтірілген)

 

           Сонымен бірге, көрсетілген Келісімнің 3-қосымшасында жеке пайдалануға арналған тауарды сандық критерийге жатқызу бекітілмеган, аталған критерийлер ұлттық заңнамада айқындалған.

           Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Заңымен  «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағына мынадай мазмұнда толықтырулар енгізілді:

          «Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында реттелмеген бөлігінде жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тауарлардың сипаты мен санын, жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) оның осы шекара арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып айқындайды.».

           Сонымен, Бұйрық нормалары жеке тұлғаның мекенжайына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға және Кеден одағының кедендік шекарасына халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты қолданылмайтынын қайталап айтамыз.

           Келісімнің 3-бабына сәйкес жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы тауарлардың сипаты мен санына, жеке тұлғаның кедендік шекара арқылы өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігін негізге алып, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асыратындығын ескеру қажет.

 

                                                                                                                                                          Еркін Абдрахманов,

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің

түсіндіру жұмыстар басқармасының кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы