- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 16.05.2018 12:40
Date of changing: 16.05.2018 12:42
Тикеттер (билеттер) берілетін, балалар ойын автоматтары, тиісінше тіркелген салықтың салық салу объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құзырет шегінде келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 543 бабына сәйкес ұтыссыз ойын автоматы – ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электрондық және өзге де техникалық жабдық).
МКД хатында көрсетілген, ойын автоматтарындағы ойын қортындысы бойынша, ұтыс тикеттер (билеттер) беріліп, кейіннен оларды жұмсақ ойыншықтарға ауыстыруға болады.
Салық кодексінің 1 бабының 72 тармақшасымен ұтыстар болып – салық төлеушілермен конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі кірістердің кез келген түрі, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістері белгіленген.
Берілген Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 1 бабтың 7) тармақшасына сәйкес құмар ойын - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушысымен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм.
Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тикеттер (билеттер) берілетін, кейіннен жұмсақ ойыншықтарға ауыстырылатын балалар ойын автоматтары, ұтыссыз ойын автоматтары танылады, тиісінше тіркелген салықтың салық салу объектісі болып табылады.