Date of publication: 23.01.2019 10:04
Date of changing: 26.05.2020 16:50

2019 жылда Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 1 465 536 қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 387 974 қызметтердің басым бөлігі немесе 94,7% электронды үкімет порталы мен ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер арқылы, 71 136 қызмет немесе 4,8% қағаздағы сұранымдар бойынша берілді; Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) баламалы негізде 6422 қызмет көрсетілді.

2018 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 22 963 немесе 1,6%-ға өсті. Электрондық қызметтер үлесі жалпы алғанда 0,2% төмендеді. Сондай-ақ, электронды қызметтердің үлесі жалпы алғанда 2018 жылы 94,9% болған, ал 2019 жылы ол 94,7% құрады.

Есепті кезеңінде барынша талап етілетін қызметтер:

«Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың берешегі, салық мiндеттемесiн орындау үшiн бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы жеке шот бойынша үзiндiлерi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақыны есептеу, ұстап қалу және аудару жөнiндегi мiндеттемелер туралы ақпарат беру жарналар, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу» - 710 362 қызмет немесе көрсетілген қызмет санының 48,5%;

«Салық есептілігін қабылдау»- 550 150 қызметтер немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 37,5%; «Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау»- 53 207 қызмет немесе көрсетілген қызмет санының 3,6%;

«Тауарларды кедендік тазарту»- 20 329 қызмет немесе көрсетілген қызмет санының 1,4%;

 

«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» -19 961 қызмет немесе көрсетілген қызмет санының 1,4%.

 

Салық және кеден заңнамасы саласында қызмет алушылар туралы хабардарлық деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар табыс және салық заңнамасын түсіндіру бойынша семинарлар өткізіп, материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Салық және кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат Департаменттің веб-сайтында орналастырылады.

2019 жылдың 12 айында Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызмет сапасы бойынша салық төлеушілермен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздер) 2280 іс-шаралар өткізілді