Date of publication: 18.07.2019 18:12
Date of changing: 28.08.2019 09:11

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

 

Елбасының Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын орындау – Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауы мақсатында жүгінуі бойынша олардың құқықтарын іске асыруды толық көлемде қамтамасыз етеді.

Департаментте және оның аумақтық басқармаларында жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және уақытында орындау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу әкімшілік рәсімдерді барынша оңтайландыруға, азаматтардың өтініштерін қарастыру бойынша қажетті ақпаратты жолдау және алу мерзімін де барынша қысқартуға жол берді.

Жазбаша өтініштерді, азаматтар мен заңды тұлғалар өздері, немесе заңды түрде ресімделген сенімхаттар бойынша өкілдері арқылы өткізеді. Осы өтініштерді өздері өткізген азаматтарға, өтінішті алған қызметкердің қолы қойылған, күні мен уақыты көрсетілген оны қабылдау туралы талон беріледі. Сондай-ақ өтініштер электрондық-цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық үкімет порталы арқылы келіп түседі. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі Заңға сәйкес 15 күнтізбелік күнді құрайды, егер де өтінішті қарастыру үшін қосымша құжаттар немесе тексеріс жүргізу талап етілсе, оның мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылады, бұл туралы үш күнтізбелік күн ішінде өтініш иесіне хабарланады.

Орындау мерзімі өткеннен кейін өтініш иесіне өтініш келіп түскен тілінде негізделген және дәлелді жауап беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрлаудың арқасында өткен жылмен салыстарғанда келіп түсетін өтініштердің саны қысқарды. 2019 жылғы 7 айда Департаментке 3000 астам өтініш келіп түсті.

Сонымен қатар, Департамент басшылығы жеке тұлғаларды жеке басының мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды. Айта кететін жайт, Департамент азаматтар үшін әрдайым ашық.

Барлық мемлекеттік органдармен қатар Департаменттің қызметінде де өтініштерді қарастыру мерзімін сақтау маңызды көрсеткіш болып табылады.

 

Қарағанды облысы бойынша

ҰҚБ ұйымдастыру бөлімі