Date of publication: 11.03.2021 09:09
Date of changing: 11.03.2021 09:11

2020 жылда Қарағанды облысының мемлекеттік кіріс органдарымен 1 389 502 қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 376 389 қызметтердің басым бөлігі немесе 99,1% электронды үкімет порталы мен ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер арқылы, 13 113 қызмет немесе 0,9% қағаздағы сұранымдар бойынша берілді.

2019 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 76 034-ке немесе 5,2% - ға төмендеді. Сонымен қатар, электрондық қызметтердің жалпы санындағы үлес салмағының көрсеткіші 4,4% - ға өсті: сондай-ақ, электронды қызметтердің үлесі жалпы алғанда 2019 жылы 94,7% болған, ал 2020 жылы ол 99,1% құрады.

Есепті кезеңінде барынша талап етілетін қызметтер:

«Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың берешегі, салық мiндеттемесiн орындау үшiн бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы жеке шот бойынша үзiндiлерi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақыны есептеу, ұстап қалу және аудару жөнiндегi мiндеттемелер туралы ақпарат беру жарналар, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу» - 764 657 қызмет немесе көрсетілген қызмет санының 55,0%;

«Салық есептілігін қабылдау»- 476 410 қызметтер немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 34,3%; 

«Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау»- 55 327 қызметтер немесе көрсетілген қызмет санының 4,0%;

«Тауарларды кедендік тазарту»- 21 294 қызметтер немесе көрсетілген қызмет санының 1,5%;  

«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» -21 839 қызметтер немесе көрсетілген қызмет санының 1,6%.  

Салық және кеден заңнамасы саласында қызмет алушылар туралы хабардарлық деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік органдар табыс және салық заңнамасын түсіндіру бойынша семинарлар өткізіп, материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Салық және кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат Департаменттің веб-сайтында орналастырылады.

2020 жылдың 12 айында Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызмет сапасы бойынша салық төлеушілермен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар және бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздер) 490 іс-шаралар өткізілді