Date of publication: 08.11.2019 17:18
Date of changing: 08.11.2019 17:19

Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жөніндегі

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті уәкілетті органдармен бекітілген 2018-2019 жылдарға арналған "кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша іс-шаралар жоспарына" сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шаралар жүргізуде.

Департамент бұл стратегиялық маңызды мәселені тұрақты бақылауда ұстайды, ол үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар мен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған рұқсат беру құжаттарына түгендеу жүргізіледі.

Өз кезегінде, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары аумақты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мәніне көзбен шолып тексеру жүргізеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың басынан көзбен шолып тексеру жүргізу кезінде осындай заңсыз өндірудің 3 фактісі анықталды .

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті салық төлеушілерге қатысты хаттама жасап, әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін сотқа берілді .

Құм-қиыршықтас қоспасын өндіру бойынша мұндай заңсыз қызметті жүзеге асырды:

Нұра ауданының аумағында:

- А. В. Курунцев ЖК сотпен 126,2 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды;

"Ақсу-Т" ЖШС "Ақмешіт" ауылының жанында сот ЖШС басшысына 126,2 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды;

"Қаратал "КМК" Нұра кентінен 5 шақырым жерде КМК басшысына 126,2 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Зиянды анықтау жөніндегі материалдар жұмыста.