Date of publication: 31.10.2019 18:35
Date of changing: 31.10.2019 18:37

 Жұмыс берушінің жұмыскерлерінде 2020 жылдан бастап аударымдар ставкасы 1.5-ден 2% - ға дейін өседі.

 Егер сіз ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар болсаңыз, онда 2020 жылдан бастап сіз ай сайын 1,4 ЕТЖ - дан 5% ставка бойынша өзіңіз үшін жарна төлей бастайсыз.

Шаруа қожалықтары 1 ЕТЖ-дан 5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Барлық жұмыс берушілерге білу маңызды:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші, аударымдарды төлеуден басқа, қызметкердің жарналар (қызметкердің табысынан) есептеу объектісінен 1% мөлшерінде ұстап және төлеп тұрады.

Жарналарды есептеу объектісі есептелген табыс болады.

Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы нысан жеке тұлғаның кірістердің барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.

Егер сіз жеке тұлға азаматтық құқықтық сипаттағы шарты бойынша жұмыс істейтін болсаңыз, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын шарттың қолданылу мерзімі ішінде сіздің табысыңыз бойынша 2020 жылы шарт бойынша алынатын табыстың 1% - ын көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады.