Date of publication: 27.05.2019 12:35
Date of changing: 27.05.2019 12:37

Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредиторлардың борышкерге талаптары бірыңғай тізілімге қалыптастырылу қажеттілігі бекітілген. Алайда, кредиторлар білместікпен өз талаптарын жолдау мерзімдерін өткізіп алатын немесе талаптарын кімге жолдау қажет екенін білмейтін жағдайлар жиі кездеседі.

Кредиторлар талаптарының тізілімі қандай мақсаттарда қалыптастырылады?

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңынында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру нысандарын, Қағидасын және мерзімдерін бекіту туралы» Қаулысында бекітілген кредиторлар талаптары тізілімінің негізгі мақсаты: кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету.

Кредиторлар талаптарының тізіліміне қандай талаптар енгізіледі?

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90 б. 7 т. сәйкес кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

Кредиторлар талаптарының тізілімін кім қалыптастырады?

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90 б. 1 т. сәйкес уақытша басқарушы сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.
      Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 1б. 31тт. сәйкес уақытша басқарушы – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін сот тағайындаған тұлға болып табылады.

Демек, кредиторлар талаптарының тізілімін банкроттық туралы істі қарайтын соттың ұйғарымымен тағайындалатын уақытша басқарушы қалыптастырады. 

Оларды қою мерзімдері өтіп кеткен талаптармен не болады?

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 90 б. 4 т. сәйкес мерзімнен кеш мәлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

Бұндай кредитор тізілімге, талаптың нысаны мен мазмұнына, қарызды растайтын құжаттарға қойылатын жалпы негізде енгізіледі.