Date of publication: 17.05.2019 17:51
Date of changing: 17.05.2019 17:52

eGov.kz порталында барлық салықтар мен басқа міндетті төлемдерді авторизациясыз, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоюсыз бюджетке төлеу жаңа қызметі іске қосылды.

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» – «Салық салу» – «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырмасын басып, қызметке тапсырыс беруге болады.

Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем жасалғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизацияланып, заңды тұлғаның БСН деректерін толтыра отырып, заңды тұлға үшін салықтарда төлеу мүмкіндігіне ие болады және керісінше заңды тұлға жеке тұлғаның салықтарын төлей алады.

Осыған ұқсас сервис ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында https://kgd.gov.kz/ асырылатын хабарлаймыз.

Нұра бойынша МКД