Date of publication: 16.05.2019 11:16
Date of changing: 16.05.2019 11:17

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) қосылған құн салығын (ҚҚС) асып кету сомасын қайтару бойынша келесі өзгерістер енгізілген:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы

Салық кодексінің 389 бабына АЭА аумағына тауар сатуда жеткізушіге ҚҚС ставкасын (0% немесе 12%) таңдау құқығы беру туралы бөлігінде;

Салық Кодексінің 152 бабына өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызмет атқаратын салық төлеушілерге, салық Кодексінің 433 бабына сәйкес ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушілерге  валюталық түсім туралы талапты жою туралы, сол сияқты тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған жағдайда осы баптың 12 тармақтың

2) тармақшасын  қолданбау бөлігінде;

ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушілерге қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасын растау бойынша салықтық тексерулерді болдырмау сұрақтары бойынша;

Салық Кодексінің 429 бабына бір мезгілде ҚҚС қайтару тәртібін (жеңілдетілген, жалпыға бірдей және ҚҚС БШ) пайдалану бөлігінде.   

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 243-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы  "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері бөлігінде  390-бабын жою туралы.

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 249-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы салық Кодексінің 388 бабы 3 тармағы 4) тармақшаға қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және уәкiлеттi орган азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы беру туралы өзгеріс енгізу көзделген.