Date of publication: 17.04.2019 15:40
Date of changing: 17.04.2019 15:41

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылдың 23 желтоқсанынан бастап салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдану туралы  Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енгенін хабарлайды. 2019 жылы онлайн бақылау касса аппаратарын пайдалануға  толық  көшу  аяқталады.

            2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқсан сайын онлайн бақылау кассаларын орнатуға тиіс салық  қызметтерінің түрлері кеңейтілді. Барлығы 633 қызмет түрі бар, олар төмендегі кезеңмен онлайн бақылау кассаларын орнатуға тиіс:

2019 жылдың 1 сәуірінен  бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрі;

2019 жылдың 1 қазанынан бастап  224 қызмет түрі өтеді.

          Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

          Сонымен  қатар Қаржы министрінің бұйрығы тек салық  төлеуші онлайн-БКМ қолдануға  міндетті  қызмет  түрін  ғана  айқындайды.

           Салық кодексінің 166-бабына  сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 166 бабының 1  тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылатындар:

1) жеке тұлғалар;

2) адвокаттар мен медиаторлар;

 3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын:

 - патент бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)

      - бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; (яғни шаруа қожалықтар 2020 жылға дейін бақылау касса аппаратынсыз жұмыс жасайды, 1 қаңтар 2020 жылдан бастап онлайн бақылау-касса аппараттарын орнатуға тиіс)

4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкі;

6) екінші деңгейдегі банктер.