Date of publication: 21.09.2018 14:32
Date of changing: 21.09.2018 14:33

Салық органы есепке алуды салық органы жүргізетін берешектің болмауы(болуы) туралы ақпаратты беру туралы сұрау салу негізінде осындай ақпаратты:

әділет органдарымен - өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік органдар және (немесе) тұлғалар салық төлеушіге - өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

Есепке алу салық органында жүргізілетін берешектің болмауы(болуы) туралы ақпаратты сұрату және беру электронды түрде жүзеге асырылады.

Салық органында есепке алынуға жататын берешектің болмауы(болуы) туралы мәліметтер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылады.

Заңды тұлғаның жабылған немесе шетелдік заңды тұлғаны филиалының (өкілеттігінің) қызметін тоқтатқан жағдайда салық органына есептелген берешектің болмауы(болуы)  жайлы мәліметтер Қазақстан Республикасы Кодексінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттарына сәйкес осындай тұлғаларға беріледі. 

Жеке кәсiпкер ретiнде тiркелген жеке кәсiпкер немесе жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуi кезiнде салық органында есепке алынуға жататын берешектің болмауы(болуы) жайлы ақпарат осындай тұлғалардан жеке кәсіпкер ретінде немесе жеке тәжірибеде жұмыс жасайтын тұлға ретінде тіркеуден шығару керек.

 

З.Жойкимбекова

Салық заңнамысын тұсіндіру бөлімінің басшысы