Date of publication: 17.09.2018 14:59
Date of changing: 17.09.2018 15:04

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Мемлекеттік кіріс комитеті

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

___________________________________________________________

 

Баспасөз хабарламасы

 

14 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының Қарағанды филиалында (Әлиханов көшесі, 4) жеке сұрақтармен азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Қабылдауды Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алмат Отжанович Иманғожин жүргізді.

Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен қойылатын сұрақтар тізбесі салық және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне қатысты болды. Сонымен, «Alatay Duty Free» ЖШС және «Eurasian Foods» АҚ өкілдері кеден заңнамасының кейбір баптарын түсіндіруді сұрады.

 «Шұбаркөл Көмір» АҚ «Астана-1» АЖ туралы пікірлерін білдірді. Декларант бұл жүйенің артықшылықтарын атап өтті. «Астана-1» ақпараттық жүйесінің арқасында кедендік ресімдеу мерзімдері қысқартылды, кедендік декларация рәсімі жеңілдетілді.

Жүйе тауарларды шығарғаннан кейін алдын-ала ақпарат бақылауға жіберілген сәттен бастап бүкіл кедендік процесті автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкер А.М. Магулова жеке тұлғаның «резиденттігі» жайлы және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi табыстары бар Қазақстан резиденттерiне салық салу сұрағымен келді. Торғаева К.Т. әлеуметтік салада жеңілдікті салық салу мәселесімен келді. Бұдан басқа, салық есептілігін қабылдау және өңдеу орталықтарын ұйымдастыру және басқа да мәселелер бар.

Салық және кеден заңнамасының мәселелеріне қосымша, мемлекеттік органдарда жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтар келіп түсті, мысалы, Болатқызы М., жұмысқа тұру және оған қажетті құжаттардың тізіміне қызығушылық танытты. Алмат Отжанович әрбір келушінің сұрақтарына толық жауап берді.