Date of publication: 13.09.2018 11:30
Date of changing: 13.09.2018 11:35

Қазақстанда 2018 жылдың 1 тамызынан бастап  2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасатын жыл сайын өткізілетін бүкіл республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы басталды.

Акцияның негізгі мақсаты –табысы аз және  көп балалы отбасыларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дейін дайындық кезінде, материалдық және әлеуметтік себептермен, мектепке келмеуіне жол бермеу.

Іс-шара аясында Нұра ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының  қызметкерлері «Мектептке жол» акциясы бойынша  № 2 Нұра орта мектебінің 5 сынып оқушысы Болатбек Мейрамкулге киімдер, аяқкиім және мектепке керек-жарақтарды  сатып әперді.

Әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың мектепке дайындағы үшін әрбір балаға нақты қамқорлық жасау және оның мектепке барудың ең жақсы және бақытты болуы үшін мүмкін болатын мақсатты көмек көрсетуде азаматтық белсенділікті көрсете алады.

Нұра ауданы бойынша МКБ

                                                                            Еримова А.С.