Date of publication: 06.08.2018 16:52
Date of changing: 06.08.2018 16:55

Салық төлеуші (салық агенті) заңды немесе уәкілетті өкіл арқылы Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысуға құқылы.

Бұл ереже келесі жағдайларда қолданылмайды:

1.     Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін салық органының шешімімен қосылған құн салығын есептен шығарудан алып тасталған жағдайда;

2.     Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш берілсе, қолданылмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі салық төлеушіні (салық агентін) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілдік етуге уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

Салық төлеушінің (салық агентiнiң) уәкілетті өкілі болып Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін салық органдарымен және өзге де қатынастардың қатысушыларымен қатынастарында салық төлеушімен (салық агентiмен) өз мүдделерін қорғауға уәкiлдiк берген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің), жеке тұлғаның, соның ішінде жеке кәсіпкердің уәкілетті өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өкiлдiң тиiстi өкiлеттiгiн айқындайтын сенiмхат не оған теңестiрiлген сенiмхат негiзiнде әрекет етедi.

Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң), заңды тұлғаның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнің уәкiлеттi өкiлi - құрылтай құжаттарының негiзiнде және (немесе) өкiлдiң тиiстi өкiлеттiктерiн айқындайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген сенiмхат негiзiнде әрекет етедi.

Салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға жеке қатысуы оған өкілдік ету құқығынан айырмайды, сондай-ақ өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) аталған қатынастарға жеке қатысу құқығынан айыра алмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) атынан салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің әрекеті (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) іс-әрекеті (әрекетсіздігі) ретінде танылады.

Жеке адамның заңды өкілінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.