Date of publication: 20.04.2018 17:45
Date of changing: 20.04.2018 17:50

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі ақпаратты хабарлайды:

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық рәсімдер «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде іске қосылуына байланысты, кезекші Департамент қызметкерлері тауарлардың шығуын растау үшін тауарлық декларациялардың  қағаз данасына мөрлерін және мөртабандарын қоятынын хабарлайды.

Осыған байланысты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар уақытша сақтау қоймасына және теміржол станцияларына ұсыну мақсатында кеден бекеттеріне тауарлық декларациялардың көшірмесін растау үшін бару қажеттігі туындамайды.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрағы туындаған жағдайда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш білдіруге болады.