Date of publication: 13.04.2018 18:30
Date of changing: 13.04.2018 18:30

«Астана-1» АЖ

 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнгі, Республика бойынша шығарылған декларациялар саны 30 мың дананы астам.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 1 сәуірден бастап 497 тауар декларациясы рәсімделді  (ЭК-10 – 233, ИМ-40 – 227 баска- 37)  олардың 444 тауар декларациясы (90%) автоматты түрде шығарылды, орташа рәсімдеу уақыты - 1 минут.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

Кедендік бақылау басқармасының басшысы

Кенешев М.А.