Date of publication: 16.04.2024 19:16
Date of changing: 16.04.2024 19:17

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2024 жылғы 23 сәуір сағат 17:00-де Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3, мекенжайы бойынша акт залында кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелерінің жекелеген қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды өткізетін болады.

Қатысуға ниет білдірушілерді 8(7212)-565595 телефоны бойынша алдын ала тіркелуін немесе Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 3, 313 кабинетке Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөліміне хабарлауын сұраймыз.

 

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріну ықтималдығын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және кейіннен жоюға, Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңызға, байланысты!