Date of publication: 16.04.2024 18:48
Date of changing: 16.04.2024 19:08

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін енгізу жөніндегі бастама өзінің қажеттілігін көрсетіп, осыған байланысты қызметті екі есеге кеңейту қажеттігін атап өтті.

2024 жылдан бастап осы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 позицияға дейін кеңейтілді.

Осы режим үшін қызмет түрлерін анықтау үшін сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері және түпкілікті тұтынушы жеке тұлға болып табылатын басқа да қызмет түрлері, сондай-ақ үлкен табыс алу көзделмеген қызмет түрлері қарастырылды.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 43,2%-ы тамақ өнімдерін (балмұздақ, шырындар, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, кофе және т.б.) және әртүрлі тауарларды (үй жануарларына арналған дайын азық - түлік, баспа өндірісі, газет, фото және кино жабдықтары, зергерлік бұйымдар және ұқсас бұйымдар және т.б.) өндіруге тиесілі.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 10% – жөндеу (электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар, электр жарықтандыру жабдықтары, спорттық және серуендеу қайықтары және т. б.).

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 3,2% - басылым (кітаптар, компьютерлік ойындар, журналдар мен мерзімді басылымдар, газеттер және т.б.).