Date of publication: 10.01.2024 17:58
Date of changing: 10.01.2024 17:59

Жаппай декларациялау сен мобильді аударымдары бақылау бойынша кеңес беретін Telegram чат пен Консультативтік орталықтар ашылды

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылғанын хабарлайды. Чат жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беру үшін құрылды. Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады. Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky

Сондай-ақ, әрбір мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталықтар бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.

Мемлекеттік кірістер басқармаларының мекенжайлары мен телефондары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/otvetstv_dgd_po_oblasti_dlya_razm.xlsx) және Telegram чатта орналастырылған.