Date of publication: 31.07.2023 12:40
Date of changing: 31.07.2023 12:43

Жалақыдан бірыңғай төлем

Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшуді шешкен салық төлеушілерге жалақыдан Бірыңғай төлемді қолдану құқығы беріледі. Бірыңғай төлемді микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қолдана алады.  Сондай-ақ, Бірыңғай төлемді арнаулы салық режимдерінде жұмыс істейтін жеңілдетілген декларация, шаруа және фермер қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші салық төлеушілер пайдалана алады.

2023 жылы ЖБТ мөлшерлемесі – еңбекақы төлеу қорының 20%.

Ставканы кезең – кезеңімен ұлғайту көзделген: 2024 жылы – 21,5%, 2025 жылы – 23,8%, 2026 жылы – 24,8%, 2027 жылы – 25,8% және 2028 жылы – 26,3%

Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген жеңілдіктер ескеріледі, ЖБТ сомасы жеңілдікті әлеуметтік төлемдердің тиісті үлесіне азаяды.

Бірыңғай төлем төлемдерді белгіленген тәртіпке сәйкес бөлетін және бірыңғай төлемнің салық төлеушілерінің есебін жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлеммен аударылады.

Бірыңғай төлемге (2023 жылға арналған үлестердің мөлшері)енгізіледі:

1.         Жеке табыс салығы – 9%;

2.         Міндетті зейнетақы жарналары – 50%;

3.         Әлеуметтік аударымдар – 16%;

4.         Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – 0%;

5.         Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар – 10%;

6.         Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар – 10%.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша төлемдерге жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынады және тиісті қосымшаны толтыру қажет.

Ал, егер қызметкер еңбек сіңірген зейнеткер болса, онда бұл жағдайда ол міндетті зейнетақы жарнаралын төлемейді, бірақ оның әлеуметтік аударымдар төлеу міндеттемесі бар.

Мысалы, егер мұндай қызметкердің (зейнеткердің) жалақысы 100 мың теңге болса, ЖБТ 20 мың теңге болуы тиіс еді, бірақ егер ол МЗЖ төлемесе, онда ЖБТ  10 мың теңгені құрайды. Әрбір қызметкер-зейнеткер бойынша деректер декларацияға 3-қосымшада көрсетіледі, төлемдер бойынша сомалар дөңгелектенбейді.