Date of publication: 27.07.2023 09:46
Date of changing: 27.07.2023 09:52

9 елмен ақпараттық алмасу туралы келісімдер жасалды

Кедендік бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында 9 мемлекеттен (Қытай Халық Республикасы, Түркия Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Түрікменстан Республикасы, Украина Республикасы, Тәжікстан Республикасы) тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпараттық алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық келісімдер жасалды.

Тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпараттық алмасуда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалды, атап айтқанда:

- тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасауды жеделдету;

- кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттар санын қысқарту;

- тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде кедендік бақылау нысандары мен әдістерін қолдануды барынша азайту.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден органдарымен ақпараттық алмасу жүргізілуде.

Сондай-ақ Түркия, Түрікменстан, Иран Ислам, Украина Республикаларымен ақпараттық алмасудың техникалық шарттарына келісулер жүргізілуде. Әзірбайжан және Грузия Республикаларының кеден жүйелері арасындағы байланыс арнасын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.