Жарияланған күні: 17.08.2020 19:22
Өзгертілген күні: 17.08.2020 19:23

Декларанттарда кедендік декларацияларды шығару және ұсынған күні шығу сертификаттарының болмаған жағдайында арнайы, антидемпингті, компенсациялық баждарды төлеу бойынша міндеттемелер болады ма?

Егер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №49 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының  кедендік әкеленетін тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларында (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциалдық емес ережелері) көзделген тауарлардың шығарылуы туралы сертификат осы тауарлар шығарылғанға дейін ұсынылмаса, онда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 397 бабы 5 тармағының 1) тармақшасына сәйкес осы тауарлардың шығу тегі расталмаған болып есептеледі. Бұл ретте Кодекстің 397 бабы 6 тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілген жағдайда арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және (немесе) атауына сәйкес сол кодтың тауарына қатысты белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының ең көп мөлшерлемелері негізге алына отырып есептеледі.

Декларантта (кеден өкілінде), егер тауарлардың шығарылуы туралы сертификат кедендік декларация шығарылғанға дейін мемлекеттік кірістер органына ұсынылмаған жағдайда, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттеме туындайды.

Тауарлар шығарылғаннан кейіншығу сертификаттарын ұсыну жағдайында төленген арнайы, антидемпингті, компенсациялық баждарды қайтару рәсімі қарастырылғанба. Егерде бар болса, қандай уақыт кезеңі ішінде декларант бұрын төленген сомасын қайтару туралы өтінішімен жүгінуге және  осы сертификатты ұсынуға құқылы.

Кодекстің 397 бабының 7 тармағына сәйкес тауарлардың кейіннен шығарылғанын растау кезінде кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылуына байланысты болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары тауарлардың расталған шығарылуын негізге ала отырып қолданылады.

Кодекстің 89 бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органына талаптары бойынша немесе төлеушінің талабы бойынша талап қою мерзімі мемлекеттік кірістер органына төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың төлеуші есептеген сомасын, сондай-ақ есептелген өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын есептеуге (есептеуге) немесе қайта қарауға құқылы уақыт кезеңі болып табылады. Егер Кодекстің ережелерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кірістер органы мен төлеушілердің талаптары бойынша талап қою мерзімі үш жылды құрайды.

Кодекстің ережелерінде белгіленген талап қою мерзімі ішінде кейіннен тауарлардың шығарылған жері расталған кезде мұндай шараларды қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болған жағдайларда ішкі нарықты қорғау шаралары тауарлардың расталған шығарылуын негізге ала отырып қолданылады.