- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 08.12.2017 09:28
Өзгертілген күні: 14.11.2018 09:49
Электрондық шот-фактуралар
Салық кодексінің 412-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды, жұмыстарды,қызметтері сатылым айналымы кезінде Салық кодексінің 367-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығының салық төлеушілері электронды түрде шот-фактураны беруі тиіс.
ЭШФ АЖ қолдау көрсету қызметі
Электронды шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ЭШФ АЖ қолдау көрсету қызметінің мекен-жайы : esfsd@mgd.kz
esfsd@mgd.kz мекен-жайына жіберілген өтінімдер жүйеде тіркеліп , оларға категория мен басымдылық беріледі, осыған орай өңдеу жұмыстары іске асырылады.
Қолдау көрсету қызметі жұмыс тәртібі:
9:00 по 18:30 / дн-жм/ Астаны уақытымен.
Электрондық шот-фактураға тіркелудің артықшылықтары
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасында шот-фактураны электронды нысанда ерікті жазуға мүмкіншілік көзделген (ЭШФ). Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактура жүйесін (ЭШФ АЖ) қолдану тегін жүзеге асырылады. Шот-фактураны электрондық нысанда жазу үшін міндетті түрде электрондық шот-фактура жүйесіне тіркелу қажет. Электрондық шот-фактураны жазу ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитеті оператор болып табылатын ЭШФ АЖ жүзеге асырылады.
Егер, салық төлеушімен шот-фактура бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жазылған жағдайда, түпнұсқа болып ЭШФ АЖ енгізілген құжат болып табылады. ЭШФ-ның қағаз жеткізгіште және де электрондық нысанда көшірмелері болуы мүмкін.
Салық кодексінің 412-бабының талаптарына сәйкес, шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі (жаңа нұсқа).
Салық төлеушілерге ЭШФ келесідей артықшылықтарды береді.
• Қағаз тасығышта шот-фактуралардың жазып беру мерзімі 7 күн болса, ЭШФ жазып беру мерзімі 15 күнге ұлғайтылған.
• ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
• Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
• Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
• Барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07 және 300.08).
• Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
• Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
• Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
• Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
• Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысын
Экспорттық бақылау басқармасы