
Көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартудың және бюджетке салықтық түсімдерді тиісінше ұлғайтудың пәрменді құралдарының бірі Қазақстан аумағында импорттан немесе өндірістен оны түпкілікті сатуға дейін тауар қозғалысының толассыз мониторингі болып табылады. Толассыз мониторинг жүйесі тауарларды жеткізудің барлық тізбегін бақылай отырып, ел бойынша тауарлардың баға белгілеуін талдауға мүмкіндік береді. Бұл тауарларды сату кезінде маржаны және тиісінше салықтардың дұрыс төленуін анықтауға мүмкіндік береді. Толассыз мониторинг жүйесі мынадай жобаларды қамтиды: "Астана-1" АЖ; "тауарларды таңбалау" АЖ; "Электрондық шот-фактуралар" АЖ; "Виртуалды қойма" модулі; онлайн-БКМ; "ҚҚС бақылау шоттарын қолданумен ҚҚС әкімшілендіру". "АСТАНА-1", "бірыңғай терезе"ақпараттық жүйелері.
Бүгінгі күні "Астана-1" АЖ штаттық режимде жұмыс істейді. "АСТАНА-1" АЖ алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап барлық кедендік процесті автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, транзитті ресімдеу, тауарларды уақытша сақтау қоймасында тауарларды шығарғаннан кейін бақылауға дейін сақтау мүмкіндігін қоса алғанда, бірқатар артықшылықтарға ие. Бұдан басқа, үшінші елдермен ресімделген экспорттық кедендік декларациялар туралы "АСТАНА-1" АЖ арқылы ақпараттық алмасу бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл осы елдерден импортталатын тауарларды бақылауды жүзеге асыруға және көлеңкелі экономиканың көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Кедендік әкімшілендіруді одан әрі оңайлату "Бірыңғай терезе"енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жүйеде тауарларды әкелу және әкету үшін барлық қажетті рұқсат беру құжаттарын, сондай-ақ кедендік қызметтерді электрондық түрде алуға болады. Рұқсат беру құжаттары бойынша "бірыңғай терезені" пайдалануға беру жоспарланған:
"АСТАНА-1" АЖ енгізілгенге дейін кедендік ресімдеуге байланысты барлық құжаттарды кеден брокері кеден органдарына тек қана қағаз тасығышта, оның ішінде кедендік декларацияның өзі табыс етті. Осыған байланысты құжаттарды өңдеу қол режимінде жүргізілді, бұл кедендік ресімдеу процесін күрделендірді. Тиісінше СЭҚ қатысушысының уақытша және қаржылық шығындары болды. Бүгіннің өзінде біз енгізудің оң сәттерін айта аламыз,осылайша "жасыл дәліз" бойынша рәсімдеу уақытының төмендеуі 1 минутқа дейін қысқарды. Онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдану импорттан (өндірістен) оларды соңғы сатқанға дейін тауарларды қадағалау жүйесіндегі соңғы буын болып табылады. Жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде елдің онлайн-БКМ қолдануға көшуі салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Онлайн-БКМ сауда түсімінің мәліметтерін тіркейді және оларды мемлекеттік кіріс органдарының серверіне онлайн режимде береді. Сонымен қатар,
Қарағанды облысы
Мемлекеттік кірістер департаменті
басшының орынбасары Р. Таласпеков