
Резидент-еңбекші көшіп келушілердің жеке табыс салығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 360-бабына сәйкес резидент-еңбекші көшіп келушілер салық кезеңі ішінде өз табыстары бойынша жеке табыс салығы (бұдан әрі-ЖТС) бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді. ЖТС төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде жүргізіледі.
ЖТС бойынша алдын ала төлем сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданыста болатын 2 АЕК-ті құрайды. Төлем резидент-еңбекші көшіп келушілер рұқсат алуға (ұзартуға) арналған өтініште көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстарды орындаудың (қызметтерді көрсетудің) әрбір айы үшін жүргізіледі.
Алдын ала төлем төлеу еңбек қызметіне рұқсат алғанға (ұзартқанға) дейін резидент-еңбекші көшіп келушілерінің келген жері бойынша жүргізіледі.
ЖТС сомасын есептеу резидент-еңбекші көшіп келушілердің салық кезеңі аяқталғаннан кейін табыстың салық салынатын сомасына 10% мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
Табыстың салық салынатын сомасы қалай анықталады?
Ол резидент-еңбекші көшіп келушілер жұмыстарды орындауы бойынша алған 1 ЕТЖ сомасына азайтылған кірістер сомасы ретінде айқындалады. Сома рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің қызметтер көрсетілген әрбір айы үшін есептеледі.
Резидент-еңбекші көшіп келушінің салық кезеңі ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне жатады.
ЖТС бойынша алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген ЖТС-ның мөлшерінен асып кеткен жағдайда, асып кеткен сомасы ЖТС-ғын артық төленген деп саналмайды және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
Егер ЖТС бойынша алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген ЖТС-ның өзінен аз болса, ЖТС-ты есептеу ЖТС бойынша декларацияда көрсетіледі. Резидент-еңбекші көшіп келушілер ЖТС төлеуді келген жері бойынша, ЖТС бойынша декларация тапсыру мерзімінен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Салық кодексінің 360-бабына сәйкес ЖТС бойынша декларацияны есепті кезең үшін ЖТС бойынша алдын ала төлемдер сомасынан ЖТС сомасы асып кеткен жағдайда ҚР резидент-еңбекші көшіп келушілер тапсырады. Осы декларация келген жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жағдайларды талқылау
№1- жағдай.
Резидент-еңбекші көшіп келушілер еңбек шартына сәйкес 5 ай жұмыс істеді, 2021 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін алынған табыс 1 000 000 теңгені құрады.
ЖТС есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) ұсыну қажет.
Жеке табыс салығының сомасы 78 750 теңге болады((1 000 000- 212 500 (5 ай *42500 )=787 500 * 10%). Жеке табыс салығын 2022 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей 101202 БЖК төлеу қажет.
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша 2022 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей тапсыру қажет.
№2- жағдай.
Резидент-еңбекші көшіп келушілер еңбек шартына сәйкес 2021 жылғы сәуірден бастап тамызға дейін 5 ай жұмыс істеді және 2021 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының шекарасынан шығатын болды, бұл жағдайда декларацияны (240.00-нысан) 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.