
Мемлекеттік қызмет электронды түрде.
Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздысы – барлық қызметтерді электронды форматқа көшіру, сондай-ақ, электронды қызметтер мен сервистер жүйесін жүйелі түрде дамыту. Электронды қызмет көрсетулер қызмет көрсету барысында қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей байланысын төмендетіп, міндеттерді орындауды жеңілдетеді, уақытты үнемдейді және қызмет алуға кететін шығындарды азайтады. Сонымен қатар, электронды қызметтерді кез-келген уақытта онлайн режимде үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Қазіргі таңда, «Электронды үкімет» (e-gov) порталында келесідей қызмет түрлері іске қосылған:
-Жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу;
-Патент беру;
-Мемлекеттік кірістер органдарымен есебі жүргізілетін салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
-Қазақстан Республикасының резиденттігін растау;
-Салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
-Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
-Электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;
-Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізy;
-Бюджетке төленетін төлемдердің жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы дербес шоттардан үзінді көшірмелер беру.