Жарияланған күні: 22.10.2019 18:24
Өзгертілген күні: 22.10.2019 18:25

Қызметкерлер саны 100 адамнан аспайтын барлық заңды тұлғалар
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығы үшін  1-СР «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» статистикалық нысанын 2019 жылғы 31 қазанына
дейін (қоса алғанда)
ұсынулары тиіс.

Ерекшелік ретінде келесі кәсіпорындар табылады:

1. 2019 жылы тіркелгендер;

2. ағымдағы жылдың 1-3 тоқсанында 2-ШК «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» статистикалық нысанын тапсырған тұлғалар;

2. қаржы және сақтандыру қызметімен айналысатындар;

4. мемлекеттік мекемелер;

5. коммерциялық емес ұйымдар;

6. пәтер иелерінің кооперативтері.

1-СР нысанын ұсынатын кәсіпорындар тізімі Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Комитет жайлы/Өңірлер/Қарағанды облысы/Іріктеу» бөлімінде орналастырылған.

1-СР нысаны бойынша есепті Сіз электрондық түрде on-line режимінде «Он-лайн тәртібінде дерктер жинау» АЖ арқылы немесе қағаз жүзінде тапсыра аласыз.

1-СР нысаны бланкілерін Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігінің Статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында «Респонденттерге/2019 жылға арналған статистикалық есептер/Жылына бір рет» бөлімінен немесе Статистика департаментінің респонденттермен жұмыс жасау басқармасынан ала аласыз.

Сіздердің назарларыңызды алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігіне аударамыз.

 

Сұрақтар бойынша статистикалық тіркелімдер басқармасына
41-48-03, 41-89-96 телефондары бойынша хабарласуға болады.