Қызметкерлер саны 100 адамнан аспайтын барлық заңды тұлғалар
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығы үшін 1-СР «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» статистикалық нысанын 2019 жылғы 31 қазанына
дейін (қоса алғанда) ұсынулары тиіс.
Ерекшелік ретінде келесі кәсіпорындар табылады:
1. 2019 жылы тіркелгендер;
2. ағымдағы жылдың 1-3 тоқсанында 2-ШК «Шағын кәсіпорынның қызметі туралы есеп» статистикалық нысанын тапсырған тұлғалар;
2. қаржы және сақтандыру қызметімен айналысатындар;
4. мемлекеттік мекемелер;
5. коммерциялық емес ұйымдар;
6. пәтер иелерінің кооперативтері.
1-СР нысанын ұсынатын кәсіпорындар тізімі Комитеттің www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Комитет жайлы/Өңірлер/Қарағанды облысы/Іріктеу» бөлімінде орналастырылған.
1-СР нысаны бойынша есепті Сіз электрондық түрде on-line режимінде «Он-лайн тәртібінде дерктер жинау» АЖ арқылы немесе қағаз жүзінде тапсыра аласыз.
1-СР нысаны бланкілерін Сіз Қазақстан Республикасының Ұлттық министрлігінің Статистика комитетінің www.stat.gov.kz интернет-ресурсында «Респонденттерге/2019 жылға арналған статистикалық есептер/Жылына бір рет» бөлімінен немесе Статистика департаментінің респонденттермен жұмыс жасау басқармасынан ала аласыз.
Сіздердің назарларыңызды алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде тапсырмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігіне аударамыз.
Сұрақтар бойынша статистикалық тіркелімдер басқармасына
41-48-03, 41-89-96 телефондары бойынша хабарласуға болады.