Жарияланған күні: 16.08.2022 12:08
Өзгертілген күні: 16.08.2022 12:10

Қоғамдық тамақтану және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 01.03.2022 жылдан бастап салық төлеушінің паспорты енгізілді.

Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы болып табылады.

Салық Кодексінің 75-1 бабының 1 тармағына сәйкес салық төлеушінің паспорты қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.

Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:

1.     Сәйкестендіру нөмірі;

2.     Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

3.     Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4.     Салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;

5.     Тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;

6.     Бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;

7.     Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.

Салық төлеушінің төлқұжатын алу үшін:

1. ҚР ҚМ МКК порталына кіру және «Ақпараттық ресурстар», «QR-кодты қалыптастыру» бөліміне өту қажет.

2. Басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны код қалыптастыру сайтына бағыттайды (https://kgd-qr.kz/), онда қызмет көрсету тілін таңдап, «QR-кодты алу» батырмасын басу қажет.

3. Осыдан кейін телефон нөмірін енгізіп, «кодты жіберу» батырмасын басу қажет.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 75-1 бабы 3 тармағының негізінде салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады.

Паспорттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады.