
Қоғамдық тамақтану және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 01.03.2022 жылдан бастап салық төлеушінің паспорты енгізілді.
Салық төлеушінің паспорты - салық құпиясы болып табылмайтын, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы арқылы қалыптастырылатын штрих-кодта (QR-код) қамтылатын мәліметтерді құрайтын кәсіпкерлік субъектісінің ақпараттық картасы болып табылады.
Салық Кодексінің 75-1 бабының 1 тармағына сәйкес салық төлеушінің паспорты қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.
Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
1. Сәйкестендіру нөмірі;
2. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
3. Дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4. Салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
5. Тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
6. Бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
7. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
Салық төлеушінің төлқұжатын алу үшін:
1. ҚР ҚМ МКК порталына кіру және «Ақпараттық ресурстар», «QR-кодты қалыптастыру» бөліміне өту қажет.
2. Басқаннан кейін жүйе пайдаланушыны код қалыптастыру сайтына бағыттайды (https://kgd-qr.kz/), онда қызмет көрсету тілін таңдап, «QR-кодты алу» батырмасын басу қажет.
3. Осыдан кейін телефон нөмірін енгізіп, «кодты жіберу» батырмасын басу қажет.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 75-1 бабы 3 тармағының негізінде салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады.
Паспорттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады.