Жарияланған күні: 02.11.2022 19:05
Өзгертілген күні: 02.11.2022 19:07

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

 1) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

 2) www.egov.kz. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Резидент болып табылатын шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам - нотариат куәландырған келесі көшірмелерді ұсынады:

  • шетелдік төлқұжат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (ол болған кезде);
  • Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжат (виза немесе өзге де құжаттар).

2. Өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында болуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға – заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуі үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

3. Заңды тұлға  және ҚР азаматы-резиденттен - қосымша құжаттар талап етілмейді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүргізіледі.