Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі борышкердің мүліктік массасы есебінен, сондай-ақ тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеу мүмкіндігін көздейді.
Бұл процедураның артықшылығы-одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.
Борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі және (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады.
Сондай-ақ, 19.06.2024 жылғы Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, рәсімді міндеттемелер бойынша мерзімі өткен және мүлік болмаған, бірақ тұрақты табыс болған кезде қолдануға болады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі барысында қаржы басқарушысымен бірлесіп қалпына келтіру жоспары әзірленеді және сотта бекітіледі.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарында мынадай бір немесе бірнеше құрал:
3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарында мынадай:
1) мүліктің бір бөлігін сату;
2) мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру;
3) дебиторлық берешекті өндіріп алу;
4) тұрғын үйді (автокөлікті) құны төмен тұрғын үйге (автокөлікке) айырбастау;
5) кейіннен құны төмен тұрғын үй (автокөлік) сатып ала отырып, тұрғын үйді (автокөлікті) сату;
6) борышкерді жұмысқа орналастыру шаралары;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар көзделуі мүмкін.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді тек борышкердің өзі бастайды, несие берушінің борышкерге қатысты аталған процедураны қолдануға құқығы жоқ.