Жарияланған күні: 18.10.2024 11:07
Өзгертілген күні: 18.10.2024 11:08

2024 жылғы 01 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде (2024 жылғы 9 ай) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 863 707 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 859 465 қызмет немесе 99,6% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 3881 қызмет немесе 0,4% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 361 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 34 290 қызметке немесе 3,8% - ға төмендеді.

Төмендеудің негізгі себебі: "Бюджетпен, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру" және "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну" бұрын талап етілген көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау.

Жалпы сандағы электрондық қызметтердің үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде қалды: 2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш те 99,5%-ды құрады 897 997 қызметтің 893 930-ы).

Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2372 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 104 707 адам қамтылды.

"Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2024 жылғы 9 айда көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 99,6% - құрады (712 34 қызметтің 709 521).