Date of publication: 03.11.2020 11:46
Date of changing: 03.11.2020 11:46

 

Шетелдік қаржыландыру мониторингі

 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген (2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) өзгерістерге сәйкес, есептілікті табыс ету бойынша талаптар шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке және заңды тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне:

1) заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

2) қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

3) аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда қолданылады.

2018 жылғы 20 ақпандағы № 241 және 242 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен өзге де мүліктерді және ақшаларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді және мерзім және хабарламалар нысандарын тәртібін анықтайтын нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бекітілген.(Н.017.00 Н .018.00)

Сұрақ 

Шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті тарту туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуді көздейтін Салық кодексіне түзетулер қандай мақсатпен қабылданды?

Жауап 

Хабарламалық сипатта, қосымша әкімшілік кедергілерді белгілемейтін шетелдік қаржыландыру мәселелерін реттеу мақсатында түзетулер қабылданды.

Шетелдік қаржыландыруды алатын тұлғаға, белгіленген мерзімдерде және тәртіппен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді жіберуі, ақшаны алғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік салық органдарына хабардар етуі жеткілікті. Тәртіп, нысандар (017.00, 018.00) және мерзімдер ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы  20 ақпандағы № 241, 242 бұйрықтарымен белгіленген.

Сұрақ 

Іссапар шығындарына берілетін қаражаттар, шетелдік қаржыландыру көздері ретінде қарастырылады ма?

Жауап 

Жол жүру, тұру және тәуліктік шығындарды өтеу үшін шетелдік көздерден алынған ақшалай қаражат Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға бағытталған жағдайда мәліметтер мен хабарламаларда өзге де мүлікті және ақшаны алғаны туралы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте осы қаражаттардың шығындары өз қажеттіліктерінің шығындары болады.

Сұрақ 

Шетелдік қаржыландыру негізгі құрал ретінде заңда көрсетілген қызметінің мақсатына алған жағдайда, мысалы, құқықтық қорғау және кеңес беру үшін және ол ешқашан іске асырылмайды немесе өтеусіз берілсе, қай кезде осы негізгі құрал бойынша алушының есеп беру мерзімі аяқталады? Осындай мүлік бойынша амортизациясын есептеуді көрсету қажет пе?

Жауап 

Салық кодексінің 29-бабының 1 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға шетелдік көздерден негізгі құралдар ретінде мүлікті тұлғамен алынған жағдайда, 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына Хабарлама ұсынылады. Жеке және заңды тұлғалар шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға тиіс

Мәліметтерде тек алынған мүлік туралы ақпарат көрсетіледі, яғни шығындар туралы Тізілім толтырылмайды. Бұдан кейін мәліметтер тек мүлікті жұмсағанда ғана ұсынылады, бұл ретте амортизацияның сомалары есептелгені туралы ақпарат көрсетілуге жатпайды. 

Сұрақ 

Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға шетелдік қаржыландыруды алған жағдайда, қаражат алынған есебінен,шығындардың бухгалтерлік есепті жүргізу қажет пе? Қандай қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес? Немесе осындай жеке тұлғаға фискалдық чектердің есебіне енгізілген кассалық әдіс бойынша жеке шығындарына іс-жүзінде жүргізілгендігін есептілікте көрсетуі жеткілікті ме?

Жауап 

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті енгізу бойынша дара кәсіпкер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды. Салық кодексінің 29-бабының 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген мақсатта ақша және (немесе) өзге де мүлікті алған жеке тұлға, ақша және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді толтыру кезінде ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған шеңберінде жеке тұлғаның іс жүзінде жүргізілген шығындары көрсетіледі. Бұл ретте жеке тұлғаның жүргізілген шығындары, құжаттармен расталуы тиіс. 

Сұрақ 

Фискалдық чектің немесе төлем тапсырмаларының күні және нөмірі бойынша мәліметтерді ұсына отырып кассалық әдіс бойынша, немесе есептеу әдісі бойынша, орындалған жұмыстың актісі немесе құжаттың күні және нөмірі бойынша мәліметтерді ұсына отырып, шығындар бойынша есепті беруге тиіс пе?

Жауап 

Хабарлама мен мәліметтер салық заңнамасына сәйкес ұсынылатындықтан, оларға Салық кодексінің 192-бабының талаптары қолданылады. Яғни, салық есебін жүргізу есептеу әдісі бойынша теңгеде жүзеге асырады.

Сұрақ 

Жеке тұлғаға алынған ақшаны, егер оларды жеке мұқтажына жұмсаған жағдайда қалай есеп беру қажет?

Жауап 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 242 бұйрығымен бекітілген, Қағидамен сәйкес мәліметтер, сондай-ақ Ақша қаражатын алғандығы туралы тізілім және Шетелдік субъектілерден ақша қаражатының жұмсалуы туралы тізілімінде қамтылған.

Жеке мұқтажына жұмсаған жағдайда жеке тұлға шығындары туралы Тізілімнің «B» және «C» бағаналарында өзінің ЖСН және Аты-жөні, әкесінің атын көрсетеді.