- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 07.04.2025 18:15
Date of changing: 07.04.2025 18:18
2025 жылғы 01 қаңтардан 28 ақпанға дейінгі кезеңде (2025 жылғы 2 ай) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 200 092 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 199 307 қызмет немесе 99,6% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 501 қызмет немесе 0,3% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 284 қызмет немесе 0,1% "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.
2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 10 037 қызметке немесе 4,8% - ға төмендеді.
Жалпы сандағы электрондық қызметтердің үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде қалды: 2024 жылдың 2 айында бұл көрсеткіш 99,6%-ды құрады (210 129 қызметтің жалпы санынан 209 311 электронды түрде көрсетілді).
Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 408 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 37 892 адам қамтылды.
"Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2025 жылғы 2 айда көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 99,8% - құрады (167 837 қызметтің жалпы санынан 167 443 электронды түрде көрсетілді ).