Date of publication: 13.08.2025 17:30
Date of changing: 13.08.2025 17:32

Кедендік кейінгі бақылау барысында анықталатын бұзушылықтар

Қазіргі уақытта кедендік кейінгі бақылау жаңа сапалы деңгейге көтерілді және ақпараттық жүйелердің дамуымен тығыз байланысты.

 

Негізгі бағыт – бұл, әрине, электронды кеден, ол декларацияларды тапсыруға, құжаттармен алмасуға және мемлекеттік органмен цифрлық форматта өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

 

Тауарларды шығарғаннан кейінгі кезеңге кедендік бақылау басымдықтарының ауысуы, бизнеске кедендік ресімдеу кезінде жүктемені азайтып, кедендік операцияларды жеделдетуге, кедендік төлемдер мен салықтардың толық көлемде жиналуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының қызметінің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 7 айында 1,7 млрд теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептеліп, өндірілді.

 

Тексеру іс-шараларының жалпы санының азаюына қарамастан, кедендік тексерулердің экономикалық тиімділігі мен бақылау нысандарын іріктеу сапасы артты, бір тексеру бойынша қосымша есептеу көлемі 40 млн теңгені құрады.

 

Кедендік тексерулер барысында жиі анықталатын және жиі жіберілетін қателіктерге назар аударғымыз келеді:

 

-кедендік құнға қосымша төлемдерді (тасымалдау шығындарын, комиссиялық төлемдер немесе роялти/дивидендтер және т.б.) қоспау;

-тауарды қате жіктеу;

-преференциялық емес нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың болмауы;

-Инкотермс-ке сәйкес жеткізу шарттарының (сатушы мен сатып алушы арасындағы міндеттердің бөлінуі) дұрыс көрсетілмеуі;

-тауардың шыққан елі, жөнелтілген елі, салмақтық параметрлері және т.б. туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі;

-ҚҚС «өтемақы әдісімен» төленіп рәсімделген тауарларды өткізу.

 

Осындай қателіктерге жол бермеу үшін мәміле жасамас бұрын мемлекеттік органдарда кеңес алуға, сондай-ақ шекара арқылы тауарларды өткізуге байланысты тәжірибелік жағдайлармен және нормативтік базамен танысуға болатын ресми сайттарға жүгінуге кеңес береміз.