Дата публикации: 04.08.2016 16:20
Дата изменения: 04.08.2016 16:20

Мүлікті жария ету туралы

 

         Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаға сәйкес ҚР Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заң 2014 жылдың 1 қыркүйегінен қолданысқа еніп, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Алдағы тұрған жария ету қолдағы бар мүліктерді заңды айналымға енгізу мүмкіндігін береді. Бұл бәрінен бұрын, келешекте жалпы декларациялау енгізілуімен байланысты. Азаматтарға қазір мүлкін жария етіп, одан әрі декларацияда көрсету құқығы беріледі.

Мүлікті жария етуге жататындар

1) ақша,

2) құнды қағаздар,

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі,

4) өзге тұлғаға ресімделген жылжымайтын мүлік,

5) Қазақстан территориясында орналасқан жылжымайтын мүлік,

6) Қазақстан шекарасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүлік.

7) Қазақстан шекарасынан тыс орналасқан ақша, құнды қағаздар, қатысу үлесі, сонымен қатар егер мұндай мүлік жария ету субъектісімен шартты қатынастар және міндеттемелері бар өзге ұйымдардың мүлікті сенімді басқаруына (траст) берілген болса, өзге тұлғаға ресімделген жылжымайтын мүлік.

Қазақстан территориясында орналасқан жылжымайтын мүлікті ұсыну үшін құжаттарды өткізу мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады.

Өзге мүлікті жария ету үшін құжаттарды өткізу мерзімі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын аяқталады.

 

 

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті