Дата публикации: 28.06.2016 18:01
Дата изменения: 28.06.2016 18:01

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі мүлiгін жария ету және ақшаны жария ету жөнінде

 

Жүргізуші: Қайырлы күн, Мүлікті заңдастыру бойынша толығырақ Қарқаралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Хасенова Жайдары Елеукен қызы айтып беретін болады. Сәлеметсіз бе!

Хасенова Ж.Е. Сәлеметсіздер ме!

Жүргізуші: Сізді бүгінгі біздің студиямызда көргеніме қуаныштымын.

Хасенова Ж.Е: Рахмет. Мен де.

Жүргізуші: Мүлікті жария ету дегеніміз не және ол не үшін жүргізілуде?

Мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүліктер мен қаржыларды заңдастыру және жақын арадағы жылдарда табыстар мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық кезеңі.

Мүлікті жария етудің осы кезеңі- Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізілетін жалпыға бірдей декларациялаудың қарсаңындағы- соңғы мүмкіндік.

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін жеке тұлға өзінің «көлеңкелі» жинағын жария етіп үлгерсе,  онда  декларациялау кезінде  кіріс көзі мен табу жолдары бойынша сұрақтар туындамайды.

 Жүргізуші: Жария ету акциясында нені жария етуге болады және қайда жүгінеміз?

 Жергілікті атқарушы органдар  - жылжымайтын мүліктер, үйлер (құрылыстар, ғимараттар).  Құқықтары рәсімделмеген, ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті заңдастыру жергілікті Әкімшіліктер жанындағы комиссияға тиісті құжаттарды және бекітілген нысанға сәйкес өтініш табыс ету арқылы.

Мемлекеттік кірістер басқармалары - шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктер. Ал ақшаға келер болсақ, ол туралы да бүгінгі таңда туындайтын сұрақтар болады. Қазақстанға өзінің қаражатын әкелген адамдар заңмен қудаланбайды. Ол салық төлеуін мүлік ретінде заңдастырады. Ал бизнес үшін жақсы жағы – активтерді кредит алу үшін қолдануға болады.

Екiншi деңгейдегi банктер  - ақша, банкте ашылған ағымдағы шотқа ақша салу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы, банк шотына ақшаны салмай  жария етілетін ақшаның сомасынан  алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы заңдастыруға мүмкіндігі бар.   

Жүргізуші: Заңдастыру акциясына қатысудан адамдар өздеріне қандай мүмкіндіктер алады?  

Хасенова Ж.Е:  Әрине, адамдарға объектілерін көрсетіп, өз еріктерміне заңдастыруға мүмкіндік беріліп отыр. Ол жалпыға бірдей декларациялауға дейін өзінің мүлкін заңдастырғанын көрсете алады. Онда сұрақ туындамайды. Ал ол тексеріс барысында анықталып қалса, әрине шаралар қолданылады.

Біріншіден, ақшасын заңдастырады. Екіншіден, ол мемлекет үшін де экономикалық актив ретінде пайдасын көрсетеді. Әр азамат өзінің активтерін заңды түрде қолдана алады. Егер ол өзінің бизнесін кеңейтетін болса, оған несие алу үшін де жаңа айтып кеттім жеңілдіктері көзделіп,септігін тигізеді.

Активтер, кірістер, барлығы да елімізге әкелініп, экономикаға салынуы керек.. Егер бизнес үшін жеңілдік болса, мемлекет бизнестен экономиканың өскенін, жұмыс орнының көбейгенін және салықтардың түсімдерінің артуын күтеді.

Өркениетті  елдердің қай-қайсысында болсын  мемлекеттік бюджет, яғни  халықтың ортақ қалтасының  қаражаты  салық арқылы  құралатындығы баршаңызға белгілі.

Жекешелендіру мен заңдастыру бұл еліміздің жағдайын жақсарту үшін бағытталған және өзінің оң нәтижесін береді.

Жүргізуші: Заңдастыру үшін құжаттарды қабылдау уақыты қанша күн ішінде болады?

Хасенова Ж. Е: Жергілікті әкімшіліктерде 30 жұмыс күні. Егер заңдастыруға тапсырылатын құжаттар дұрыс босла, одан да ерте мерзімде қарастырып бітіре алады. Мемлекеттік кірістер басқармасында 5 жұмыс күнін қамтиды.

Жүргізуші: Осы жылдың соңында Заңдастыру акциясы аяқталады ма?

Хасенова Ж.Е:  Қазақстанда жылжымайтын мүлікті заңдастыратын адамдар туралы айтар болсақ, соңғы уақыт 2016 жылдың 30-қарашасында аяқталады. Себебі ар жағында қарастыруға 1 ай қалу керек. Жылдың соңына дейін шетелдегі мүлік болса, қажетті құжаттарды 5 күннің ішінде беру керек.

Жүргізуші: Қарқаралы ауданы бойынша жария ету акциясы аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Мүлікті жария ету акциясы басталғаннан бері, 2014-2015 жылдары Қарқаралы ауданы бойынша өтініштер арқылы тұрғын емес 10 нысан 118,8 млн. теңге көлеміндегі мүліктер жария етілді. Оның ішінде селолық округтер бойынша 5 малшаруашылық кешені: , Қарқаралы қаласында 1 дөңгелек жөндеу станциясы -, 1 техникалық қызмет көрсету станциясы - 1 туристік демалыс базасы – және 1 дүкеннің қосымша құрылысы мен 1 спорт кешені .

Аудан бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, мүлікті жария ету заңнамасын түсіндіру бойынша, барлық елді мекендерде тұрақты жұмыстар атқарылуда және жергілікті бұқаралық- ақпараттық құралдарында (СМИ) тұрақты түрде акпараттар жарияланып отырады.

 Барлығы 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 41 ақпарат жарияланды. Оның ішінде 2016 жылы жергілікті газетке 23 акпарат жарияланды, оның ішінде мемлекеттік кірістер қызметкерлері 5 мақала жариялады, барлық ауыл округтерінде семинарлар өткізілді, түсіндірме 135 буклеттер таратылды және әкімдіктің интернет-ресурсына 18 ақпарат енгізілді, аудандық әкімшілікте 3 рет,мемлекеттік кірістер басқармасында 4 рет «Ашық есік» күні өткізілді.

 

Жүргізуші: Заңдастыру бойынша берген сұхбатыңыз үшін көп рахмет. Біздің тыңдаушыларымыз өздеріне қажетті ақпаратты алды деген сенімдемін. Біз бүгін көкейтесті сұрақтарды қамтыдық деп ойлаймыз. Сізге көп рахмет.

Хасенова Ж.Е:  Сіздерге де рахмет.Заңдастыру бойынша уақыт әлі жыл соңына дейін бар екендігін естеріңізге саламын. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Жүргізуші: Сау болыңыздар.

 


 

Жайдары Хасенова - зам. рук. УГД 

по Каркаралинскому району