
Егер Сіз төменде көрсетілген 27 қызмет түрінің біреуімен айналысатын болсаңыз, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын тіркеуге қоюыңыз керек. Тақырып бойынша туындаған барлық сауалдарға қатысты кеңестер мен түсініктемелерді Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына Ақтоғай селосы Абай көшесі 5 үй мекен-жайына келіп немесе 8-71037-21445, 8-71037-21270 телефондары арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы қаулысымен «Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі» бекітілген болатын:
1.Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату;
2.Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату;
3.Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату;
4.Аудио және бейнетехниканыбөлшексаудадасату;
5.Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату;
6.Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату;
7.Қонақүйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
8.Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;
9.Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет;
10.Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 тамыздағы №758 бұйрығы 2018 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне еніп, жоғарыда аталған тізілім келесі қызметтің түрлерімен кеңейтілді:
- Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
- Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
- Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
- Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
- Сусындарды көтерме саудада сату
- Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
- Тоқыма бұйымдарын сату
- Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
- Киімдерді сату
- Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
- Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
- Ломбард қызметі
- Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
- Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
- Жарнама агенттіктерінің қызметі
- Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызмет
- Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
Осыған байланысты, жоғарыда аталған қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілерде ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болу қажет және оны қолдануға міндетті.
Ескерту: Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы