Дата публикации: 15.12.2016 10:02
Дата изменения: 15.12.2016 10:02

Мүлікті жария ету бойынша  енгізілген өзгерістер.

             2015 жылғы 29 қарашада 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Қаазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, ол Заңмен мүлікті жария ету бойынша жүргізілетін акцияның талаптарына өзгерістер енгізілді.

            Өзгерістер жария ету рәсімдерін елеулі дәрежеде оңтайландырады, сондай-ақ жария ету субъектілері үшін қосымша кепілдіктер енгізеді.

            Мәселен, мүлікті жария ету бойынша акция жүргізу мерзімдері 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

            Мүлікті жария ету бойынша акция жүргізу мерзімінің өтуі  мүлікті жаппай декларациялауды енгізумен және 2017 жылғы қаңтардан бастап шетелдік шоттар мен мүлікті декларацияламау үшін жауапкершілікті күшейтумен қатар қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан Салық мәселелерінде өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылғаны  белгілі, оның негізінде әлемнің әр түрлі елдерінің салық органдары өз  резиденттерінің осы елдерде  орналастырылған мүлкі мен кірістері туралы ақпаратпен алмасады. Осылайша мүлікті жария ету бойынша  жүргізілетін акция мемлекеттің салық органдарыменөзара қарым-қатынастарды реттеу және  болашақта ықтимал наразылықтарды болдырмау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Салық және банк заңнамасында жария етілген мүлік туралы мәліметтер мен ақпаратты құқық қорғау органдарына ұсынуға тыйым салу енгізілген.  Бас прокурордың немесе оның орынбасарларының санкциялары  болған жағдайлар үшін ғана қолданылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жария ету барысында алынған мәліметтерді  заңсыз  жариялағаны үшін жауапкершілігі көзделетін қылмыстық заңнаманың нормалары нақтыланды жіне күшейтілді.

         Мүлікті жария ету бойынша жүргізіліп жатқан акция жария ету субъектілеріне бұдан бұрын заңды экономикалық  айналымнан шығарылған ақша мен өзге де мүлікті оған қайтаруға мүмкіндік береді, бұл алдағы уақытта кірістер мен мүлікті жаппай  декларациялауға, сондай-ақ трансшекаралық операциялардың айқындылығын арттыру бойынша жалпы әлемдік үрдістерге және елдер арасында салық ақпаратымен өзара  алмасуды күшейтуге көшу  тұрғысында ерекше өзекті. Жүргізіліп жатқан  акцияның талаптары өте тиімді болып табылады, өйткені , мүлікті артық материалдық шығынсыз және уақыт шығындамастан жария етуге мүмкіндік береді.       

Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы